19.09.2018, 16:50 4331

2019 жылы Қазақстан медициналық электрондық қызмет көрсету форматына толықтай көшеді

Электрондық денсаулық паспортында әр адамныӊ дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни созылмалы ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудыӊ барлық қағидасын білуге болады.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 17 қыркүйегі күні ОКҚ алаӊында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О. А. Ибішевтіӊ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылдан бастап Қазақстан медициналық қызмет көрсету бойынша толықтай электронды нұсқаға көшетінін айтты.

Баспасөз мәслихатында аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланады.

Вице-министр сонымен бірге, Медициналық ақпараттық жүйелерді "Қала, аудан орталығы" деӊгейінде қамту 96,7 құрағанын атап өтті. Ал осы жылдыӊ соӊына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар О. Ибішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology - жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оныӊ сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердіӊ қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген.

Дәрігерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардыӊ 90 пайызы пилоттық тестілеудіӊ тиімділігін көрсеткен.

Сонымен қатар, вице-министр электрондық денсаулық паспортыныӊ тиімділігі туралы айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамныӊ дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни созылмалы ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудыӊ барлық қағидасын білуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны