24.01.2019, 20:22 13187

2019 жылы Түркістан облысында 188 ауылды көркейтудіӊ схемаларын әзірлеу жоспарланып отыр

Мәселен, былтыр облыстағы 77 елді мекенді дамыту үшін құрылыс сызбалары жасалса, биыл - 2019 жылы 188 ауылды көркейтудіӊ схемаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Заӊсыз құрылыс мәселесіне тоқталсақ, 110 құрылыс нысаны бойынша тиісті мекемелермен шара қолданып, 129 құрылыс обьектісі бойынша жұмыстар атқарылуда.

Түркістан. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан өӊірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысыныӊ міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков 2018 жылда атқарылған жұмыстар аясында жылды қорытындылаған баяндама жасады. Айтуынша, өткен жылға жоспарланған көптеген міндеттер орындалып, оған қазынадан бөлінген 66027,0 мыӊ теӊге толықтай игерілген.

Мәселен, былтыр облыстағы 77 елді мекенді дамыту үшін құрылыс сызбалары жасалса, биыл - 2019 жылы 188 ауылды көркейтудіӊ схемаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Заӊсыз құрылыс мәселесіне тоқталсақ, 110 құрылыс нысаны бойынша тиісті мекемелермен шара қолданып, 129 құрылыс обьектісі бойынша жұмыстар атқарылуда.

"Сәулеттік жобалар ретіне тоқталсам, біздіӊ басқарма тарапынан "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласын іске асыру аясында жүзеге асырылған жобалар туралы Бағдарламаға сәйкес облыс аумағындағы 500 ескерткіш анықталып, іріктеліп, оныӊ ішінде, 100 нысанныӊ тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды. Сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ тарапынан төмендегі эскиздік жобалары әзірленді. Олар - облыс картасына орналасқан тарихи нысандарды ашық аспан астындағы макеттерініӊ жобасы, облыс бойынша аудан орталықтарындағы салынатын "Достық үйі" жобасы. Қазығұрт ауданы бойынша "Қазығұрт - кеме қалған" тарихи-этнографиялық кешенініӊ жобасы жасалып ұсынылды. 2019 жылға іске асыру жоспарланған. Ордабасы ауданы бойынша "Ордабасы" мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру. Үш бидіӊ ескерткіші орнатылды. 2019 жылға абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланған", - деді бас спикер.

БАҚ өкілдерімен отырыста Б.Дүйсебеков Түркістан облысыныӊ жаӊа гербіне конкурс өткізу бойынша да аз-кем ақпар бере кетті. Мәліметке сәйкес, 2018 жылдыӊ 5 қыркүйек күні конкурс жарияланып, облыстық бюджеттен жүлде қорына 1,0 млн. теӊге бөлінген. Байқауға 50 автор өз ұсыныстарын берсе, солардыӊ ішінен 3 жұмыс іріктеліп алынып (№50, №40, №11), дауысқа салынып, нәтижесінде 1-ші орын алған №50 жұмыс болып табылған. Ал оныӊ авторлары Ж.Түймебаев, Е.Төлепбай, А.Жайлаубаев (Алматы қаласы) болса, 2-ші орын алған №40 жұмыс болыпты. Авторлары: М.Ердесова, А.Даулет, А.Садуакасова, Д.Төлепов (Шымкент қаласы); Соӊғы жүлделі 3-ші орын алған №11 жұмыс авторы: Ж.Бүркітбаевқа (Шымкент қаласы) бұйырған.

Жаӊа жылдағы негізгі күшті Түркістан қаласыныӊ бас жоспарын әзірлеуді аяқтауға бағыттауды көздеген басқарма басшылығы, еӊ бірінші кезекте, топографиялық түсірілімдерді аяқтап, сырты көлік - әуе тасымалы, теміржол, автокөлік жолдары мәселесін реттеуге, қалаға іргелес аумақтарды көгалдандыру бойынша сызба әзірлеу сынды негізгі жұмыстарға көӊіл бөлуді қарастырып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны