01.11.2019, 08:38 11246

2019 жылғы 31 қазан - 2 қарашаға арналған болжамға сәйкес елімізде қараша айы күннің суытуымен басталады

Циклон және фронттардың шығыс бағытында жылжуына қарай жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды.

Нұр-Сұлтан. 1 қараша. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 31 қазан - 2 қарашаға арналған болжамға сәйкес елімізде қараша айы күннің суытуымен басталады.

Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің Еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, онымен байланысты суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады. Циклон және фронттардың шығыс бағытында жылжуына қарай жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды. Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған аномальді жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны