12.02.2020, 22:53 2740

2019 жылы республика бойынша отбасын құру үшін адам ұрлаудың 210 фактісі тіркелген

Бұл мәліметті облыс бойынша таратып көрсететін болсақ, Түркістан қаласында - 29, Сайрам ауданы мен Кентау қаласында - 19-дан, Жетісай - 11, Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында 6-дан.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2019 жылы республика бойынша отбасын құру үшін адам ұрлаудың 210 фактісі тіркелген, оның ішінде негізгі 102 дерек Түркістан облысында шықты.

Бұл мәліметті облыс бойынша таратып көрсететін болсақ, Түркістан қаласында - 29, Сайрам ауданы мен Кентау қаласында - 19-дан, Жетісай - 11, Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында 6-дан.

Бұл қылмысты жасаудың басты себебі - адамды ұрлау қылмыс болып табылатынын жастардың әлі де білмеуі.

Қазақстанда қалыңдықты ұрлаған және оған қатысқан тұлғалар Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Егер қалыңдық некелесуге өз келісімін бермеген болса, оны алып қашу қылмыс болып саналады. Бұл қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге ал, адамдар тобымен жасалған болса, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Неке және отбасы туралы" заңға сәйкес неке - ерікті одақ. Егер бір жақ келісім бермесе, неке заңсыз деп саналады.

Қалыңдықты алып қашу - бұрынғы заманнан бері келе жатқан дәстүр. Қазақстан қоғамының негізгі бөлігі қалыңдық ұрлауды жабайылық санағанымен, оңтүстік өңірде бұл салт қазір де кездесуде.

Бүгінгі күнге дейін жастар арасында қыз алып қашу, яғни үйлену мақсатында адам ұрлау тоқтамай отыр.

Осыны ескере отырып, Түркістан облысының прокуратурасы жастарды заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады, себебі ойланбай жасаған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны