Система Orphus

Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2 447 онкологиялық науқас коронавирустық инфекция жұқтырған

18.09.2020 9073

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда коронавирустық инфекцияға байланысты онкологиялық науқастардың денсаулық жағдайын тексеру алгоритімі мен хаттамасына түзетулер енгізілді.

Соған сәйкес дәрігердің кеңесін алу үшін COVID-19 сынамасының теріс нәтижесін көрсету шарт. Ал, стационарға жату үшін ПЦР сынақтың қорытындысы сұралады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас онколог дәрігері, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрағасы, Медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова мәлімдеді.

Ота жасамай тұрып, өкпенің зақымдануына жол бермес үшін әуелі компьютерлік томография жасалады.

"Бұл өте маңызды. Себебі, ПТР сынаманың теріс нәтижесімен келген науқасақ компьютерлік тексеріс жасау кезінде өкпенің қабынуы анықаталатын жағдайлар болады. Химиялық жолмен емдеу, химиялық дәрі-дәрмекті енгізгеннен кейін өкпесі зақымданып науқастың жағдайы ауырлаған жәйтттер де бар. Яғни, коронавирустық инфекция кейбір жағдайда симптомсыз ақырын-ақырын пайда болады, иммунитет төмендеп, емдеу барысында коронавирусқа әкеп соғуы мүмкін өкпенің қабынуы анықталады. Сондықтан біз барлық науқастарға бірінші кезекте КТ немесе өкпесін рентген аппаратымен тексереміз",-деп түсіндірді Д. Қайдарова.

Айта кетерлігі онкологиялық дерті бар науқастар ПТР сынақ үшін ақшаны қалтасынан төлемейді. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық мекемеге барып мемлекет есебінен тегін сынақтан өте алады. Ол үшін аудандық онколог маман ПТР сынақтан өтуге жолдама беруі керек. Онкологиялық науқастар үшін және онкологияға күдіктенген адамдар үшін МРТ, КТ, ПЭТ, УЗИ және өкпені рентгеннен өткізу тегін жасалады. Бұл 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық ауруларға қарсы кешенді күрес бағдарламасында қамтылған шаралар.

"Тегін қаралуға жолдама беретін аудандық онкологтарға хабарласыңыздар. Емханалардан тегін қызметті талап етіңіздер. Осы бағыттағы шығындардың барлығы мемлекет есебінен қарастырылған",-деді Д. Қайдарова.

Бас онкологтың айтуынша, науқастардың барлығы тәуекел шегінде тұр. Себебі, науқастардың басым көпшілігі әу баста әлсіз келеді. Химиялық емдеулерден кейін инфекциялық ауруларға бейім болады, әсіресе коронавирустық инфекцияға. Сондықтан, стационардан емделіп шыққан адамдар көпшілік ортадан, қоғамдық орындардан алшақ жүргені абзал.

"Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеуге болады. Бірақ, қауіпсіздік заттарын қолдануы керек. Көзін, тыныс алу жолдарын мейлінше жабық ұстағаны дұрыс және қолын жақсылап тұрып үнемі жуғаны жөн. Қазір міне күз мезгілі, тұмаудың да өршитін уақыты сондықтан барынша сақ болған дұрыс",- деді Д. Қайдарова.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2 447 онкологиялық науқас коронавирустық инфекция жұқтырған. Оның ішінде 25 адам қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны