27.06.2008, 16:36 3262

2020 жылға қарай халықаралық туристер саны 1,6 млрд адамға дейін артуы ықтимал

2020 жылға қарай халықаралық туристер саны 1,6 млрд адамға дейін артуы ықтимал

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2020 жылға қарай халықаралық туристер саны екі еселеніп 1,6 млрд адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымның басшысы Джеффри Липман Ұлыбританияда өткен туризм жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Д. Липманның айтуынша, жанармайдың күрт қымбаттауы туристік салаға кері әсерін тигізуде. Алайда, адамдардың күн санап артып келе жатқан саяхаттауға деген құштарлығын ешқандай баға тоқтата алар емес. Ұзақ мерзімдік перспективада экономиканың осы саласы қандай жағдай болмасын дами бермек.

Оның айтуынша, соңғы жылдары демалыстарын шетелде өткізетін Үндістан, Қытай мен Шығыс Еуропаның халқы жоғары қарқынмен артып келеді. Бұл ретте саяхатшылар саны жаңа экономикалардың орта табы есебінен артуда. Былтыр Қытай тұрғындары шетел саяхатына шамамен 30 млрд АҚШ долларын жұмсаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны