10.02.2011, 19:02 5491

2020 жылға қарай Қазақстандағы қалдықтар көлемі 28 млрд тоннаға жетеді

2020 жылға қарай Қазақстандағы қалдықтар көлемі 28 млрд тоннаға жетеді. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының таныстырылымында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылға қарай Қазақстандағы қалдықтар көлемі 28 млрд тоннаға жетеді. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының таныстырылымында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, заңнамалық базаның жетілмеуінен бүгінгі күні кәсіпорындарға қалдықтарды кәдеге жаратудан немесе қайта пайдалану шараларын қабылдаудан гөрі оларды орналастыруға ақы төлеу оңай екендігін баса айтқан министр: "Кәсіпорындардың материалдық жауапкершілігі жоқ. Залалдар үшін өтемақы төлемейді. Қалдықтар көлемін азайту және олардың әсерін төмендету бойынша шаралар қабылдамайды. Осыған орай заң жобасында қалдықтарды өңдеуді және қайта пайдалануды немесе олардың түзілуін азайтуды ынталандыратын экономикалық тетіктер қамтылды", - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл үшін Салық кодексіне жинақталған қалдықтардың барлық көлемі үшін қосымша төлемақылар енгізу ұсынылады. Кәсіпорындар қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, оны министрлікте бекітуге міндетті болады. Сонымен қатар кәсіпорындар бағдарламаны әзірлеу және орындау кезеңдерінде көзделген төлемақылардан босатылады. Ал бұл ережелер заң жобасымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Яғни кәсіпорындарға өз бағдарламаларын дайындауға және негіздеуге уақыт жеткілікті.

Жалпы заң жобасының мақсаты - бюджет толтыру емес, кәсіпорындарды қалдықтарын жою туралы шешімдерді іздеуге ынталандыру болып отыр. "Осындай тетіктерді енгізу арқылы Қазақстанда 2020 жылға қарай жинақталған қалдықтардың көлемі едәуір азаяды деп күтілуде. Бұндай қатаң шаралардың арқасында "Теңізшевройл" компаниясында жинақталған күкірттің көлемін азайтуға және артуын тоқтатуға қол жеткізілді",- деді Н.Ишімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны