14.01.2021, 20:06 12255

2020 жылы мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарына 594 миллион желілік шабуыл жасалды

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (ИҚБШ) көмегімен Интернетке қосылу кезінде мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу және зиянды әсер ету тәуекелдері айтарлықтай төмендейді.
Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарында түрлі деңгейдегі 594 миллион желілік шабуылды анықтап, бұғаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (ИҚБШ) көмегімен Интернетке қосылу кезінде мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу және зиянды әсер ету тәуекелдері айтарлықтай төмендейді.
 
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелерін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі (ИҚБШ) арқылы Интернетке қосылу қажеттігін хабарлайды.
 

ИҚБШ-ға қосылу үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін ұсынатын байланыс операторына жүгіну қажет. Компьютердің ИҚБШ-қа қосылған-қосылмағанын https://support.sts.kz/checkip сервисі немесе @usiag_bot телеграм-бот арқылы онлайн түрде тексеруге болады. Осы сервистер ұсынатын деректер тексеру кезінде маңызды", - деп түсіндірді ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

 
Жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 641-бабы) әкімшілік жаза көзделгенін атап өту керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны