19.01.2021, 17:07 6283

2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген

Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында биыл алты миллион қазақстандықты вакцинациялау жоспары туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының КВИ-ге қарсы вакцинацияны жеделдетіп бастау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында "Спутник V" вакцинасының 20 мың дозасын жеткізуге арналған шартқа қол қою жоспарлануда; Биылғы 20 қаңтарда арнайы тәртіп бойынша сатып алуды жүргізу үшін бір жолғы әкелуге рұқсат беру және ҚР ДСМ-нің СҚ-Фармацияға хат жіберуі жоспарланып отыр; Осы жылғы 1 ақпанда – егуге жататын халық топтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялауды бастау көзделген", - деді министр.

 
Оның айтуынша, вакцинациялау вакцинаның келіп түсуін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте контингенттер мынадай түрде бөлінген: 
 
I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам — 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап; 
 
II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам — биылғы наурыздан бастап; 
 
III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы сәуірден бастап; 
 
IV кезең – Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы мамырдан бастап; 
 
V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам, биылғы маусымнан бастап; 
 
VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам, биылғы шілде айынан желтоқсанға дейін.
 

Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарланған", - деді Алексей Цой.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны