06.07.2006, 14:46 3232

2030-жылы жалпы аймақтық өнім мөлшері 20 есе өсіп, жан басына шаққанда 60 мың долларды құрайтын болады – Астана әкімі

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Сарапшылардың бағалауынша, 2030-жылы жалпы аймақтық өнім мөлшері 20 есе өсіп, жан басына шаққанда 60 мың долларды құрайтын болады. Бұл туралы бүгін қала күніне арналған салтанатты қабылдауда Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бұл нәтижелермен ілесе барлық жерде бірдей жоғары технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістер іске қосылады”,- деді Астана әкімі. “Астана уақыт пен өркениеттер, діндер мен мәдениеттер тоғысқан қалаға айналды. Өз кезегінде жаңа Елордасының шағын естеліктері барлық аймақтар мен әлемге таралды”,- деді әкім.

“Астананың бүкілхалықтық гүлдену мен жаңғырудың нағыз брендіне айналғаны қуанышқа бөлейді”,- деді Ө.Шүкеев. “Бүгін Елорда күнін тойлай отырып біз мемлекетіміз бен өз қаламыздың қабырғасын қалаған адамды туған күнімен құттықтай аламыз. Ел астанасын көшіру туралы идеяны алғаш тастаған Елбасымыз екені белгілі. Бұл қадамның қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеді”,- деді әкім.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, 8 жылдың ішінде Астанада 8 млрд. доллар көлемінде инвестиция игерілді. “Біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылу міндетін алға қойып отырмыз. Кешікпей Астана да осы талапқа сай келетін болады”,- деді президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны