09.06.2016, 17:09 3714

2050 жылға қарай ҚР-да еӊбекке қабілетсіз халық саныныӊ артуы болжанып отыр - ДСИДМ

"Жүргізілген талдаудыӊ нәтижелері бойынша 2050 жылға дейін республикада 65 жастан асқан және 25 жастан кіші халық саныныӊ артуы күтілуде. Яғни, еӊбекке қабілетсіз халық артады деген сөз. Аталған топ саныныӊ артуы еӊбекке қабілетсіз жастағы халықтыӊ өсімінен екі есе артық болады", - деді Т.Дүйсенова "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ отырысында.

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2050 жылға қарай еӊбекке қабілетсіз халықтыӊ артуы күтілуде, деп мәлімдеді еліміздіӊ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жүргізілген талдаудыӊ нәтижелері бойынша 2050 жылға дейін республикада 65 жастан асқан және 25 жастан кіші халық саныныӊ артуы күтілуде. Яғни, еӊбекке қабілетсіз халық артады деген сөз. Аталған топ саныныӊ артуы еӊбекке қабілетсіз жастағы халықтыӊ өсімінен екі есе артық болады", - деді Т.Дүйсенова "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ отырысында.

Оныӊ айтуынша, мұндай өзгерістер медициналық қызметтерді қолданудыӊ өсуіне алып келеді, ал бұл өз алдына халықтыӊ денсаулығын сақтауға және еӊбек ресурстарын сақтауға жаӊа тәсілдерді талап етеді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамытудыӊ екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-2010 жж. және 2011-2015 жж.) жүзеге асыру нәтижесінде ҚР-дағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71 жылдан асып, халықтыӊ жалпы өлім-жітімі 15,3%-ға, ана және бала өлім-жітімі - 1,8 есеге төмендегенін айтып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны