01.07.2016, 11:59 4185

20 тонна тауарды заӊсыз өткізбек болды

Қазақстан - Қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылғы 30-маусым күні күндізгі сағат 12-лер шамасында жергілікті "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып Инуар есімді Қазақстан азаматын ұстады

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылғы 30-маусым күні күндізгі сағат 12-лер шамасында жергілікті "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып Инуар есімді Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ивеко" автокөлігімен келе жатқан, 1974 жылы туылған азаматтыӊ 20 тонна жүгініӊ (халық тұтынатын тауарлар) ілестірме құжаттары жоқ болып шықты.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны