29.06.2016, 13:01 3803

20 жыл ішінде Кадет корпусы 2 мыӊнан аса кәсіпқой сержанттарды бітіртіп шығарды

2016 жылдыӊ 1 шілдесінде Ш. Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ кәсіби сержанттары институтыныӊ құрылуына 20 жыл толады

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 шілдесінде Ш. Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ кәсіби сержанттары институтыныӊ құрылуына 20 жыл толады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

20 жыл ішінде Кадет корпусы әскери білім беру жүйесінде өзініӊ бағытын берік орнықтырып, кәсіпқой сержанттардыӊ 18 шығарылымын жүзеге асырды және қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып жүрген 2 200-ден аса кәсіби сержантты түлетіп шығарды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Кәсіпқой сержанттарды даярлау жанындағы Кадет корпусыныӊ басты міндеті олардыӊ кәсібилігі мен құзыреттілігініӊ жоғары деӊгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Түлектер Кадет корпусын аяқтағаннан кейін "Автомобильді және броньды танкті техниканы жөндеу бойынша слесарь" және "ЭЕМ операторы" біліктілігі, сондай-ақ, "3-сыныпты ЖИЖМ механик-жүргізушісі" және "С" санатындағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, "Командалық-тактикалық мотоатқыш әскерлері" мамандығы бойынша диплом алады. Жалпы білім беру базасында оқу мерзімі - екі жыл.

Одан басқа, жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерініӊ құрамалары мен бөлімдерінде кадеттердіӊ әскери тағылымдамасы өтеді. Олар үшін бұл жаӊа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудіӊ алғашқы мүмкіндігі болды. Оныӊ үстіне жарты жылдан кейін олардыӊ әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі.

Искери тағылымдаманыӊ мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт аралығында болашақ сержанттарға Кадет корпусыныӊ қабырғасында алған теориялық және практикалық дағдылары мен машықтарын бекітуге, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуға, кәсіпқой көшбасшыныӊ дағдысын жетілдіруге тура келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны