31.03.2015, 18:32 7756

22 адам уланған мейрамхана үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана қалалық Ішкі істер департаменті тамақтан уланғандар фактісі бойынша мейрамхана басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Астана қалалық Ішкі істер департаменті тамақтан уланғандар фактісі бойынша мейрамхана басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен хабарланғандай, 28-31 наурыз аралығында Астана ауруханаларына "сальнонеллез" диагнозы бойынша 22 адам түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аталған факті бойынша, Астана қалалық ІІД 2015 жылдыӊ 29 наурызында ҚР ҚК-ніӊ 304 бабыныӊ 1 бөлімі ("Абайсызда адамдардыӊ улануына әкеліп соқтырған санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны