03.07.2015, 16:22 3519

22 мыӊнан астам ауыл тұрғыны "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына және "Өрлеу" жобасына қатысуға ниет білдірді

Ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еӊбекпен шұғылданған тұрғындардыӊ қамтылуы 866 мыӊнан астам адамды құрады, олардыӊ 140 мыӊы жұмыссыздар, 726-ы - өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСИДМ жұмылдыру топтары жұмысыныӊ нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 29 маусым аралығында 22 мыӊ 282 адам "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына және "Өрлеу" жобасына қатысуға ниет білдірді ("ЖҚЖК 2020" - 17142 адам, "Өрлеу" - 5140), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еӊбекпен шұғылданған тұрғындардыӊ қамтылуы 866 мыӊнан астам адамды құрады, олардыӊ 140 мыӊы жұмыссыздар, 726-ы - өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Жұмылдыру топтары жұмысыныӊ барысында 1262 елді мекен қамтылды, ол жоспарланған көрсеткіштен 42%-ға жоғары.

Алматы облысында (177), Солтүстік Қазақстан облысында (161) және Оӊтүстік Қазақстан облысында (160) ауылдық елді мекенніӊ еӊ көп қамтылуын атап өтуге болады.

Еӊ жоғары көрсеткіштер келесі өӊірлерде байқалады: Оӊтүстік Қазақстан облысында - 4 мыӊ 321 мыӊ адам, Қызылорда облысында - 3 мыӊ 57 адам, Қостанай облысында - 2 мыӊ адам "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысуға ниет білдірді.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтыӊ деӊгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданныӊ 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны