14.08.2013, 17:27 16013

22 тамызда жаңа жүрдек пойыз жолға шығады

Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды. Астанадан Атырауға дейінгі жол 22 сағат 57 минут, Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минут. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, 2-і "Гранд" санатты (екі орындық люкс), 2-і "Бизнес" санатты (екі орындық) және "Турист" санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. "Гранд" санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - 22 тамызда Астана вокзалынан "Тұлпар-Тальго" вагондарын тіркеген "Астана-Атырау" бағытында №19/20 "Атырау" жүрдек пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды. Астанадан Атырауға дейінгі жол 22 сағат 57 минут, Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минут. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, 2-і "Гранд" санатты (екі орындық люкс), 2-і "Бизнес" санатты (екі орындық) және "Турист" санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. "Гранд" санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған.

Вагондар "Жолаушылар тасымалы" АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынған және соған сәйкес, 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынады.

Естеріңізге саламыз, бүгінгі таңда "Тұлпар-Тальго" вагондарынан құралған жүрдек пойыздар 5 маршрут бойынша: 2001-2003 жылдардан бастап "Алматы-Астана" бағытындағы №1/2, "Алматы-Шымкент" бағытындағы №25/26 пойыздары, 2012 жылдан бастап "Алматы-2 - Петропавл" бағытындағы №151/152 пойызы, "Ақтөбе-Астана" бағытындағы №88/87 пойызы қатынайды. Биылғы жылдың маусым айынан бастап, "Алматы-2 - Атырау" бағытындағы №77/78 жүрдек пойызы жолаушылар тасымалдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны