24.07.2020, 17:20 6189

23 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда 9 068 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандар саны едәуір азайды - маман пікірі

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Дәрігерлердің пікірінше, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін қала әкімдігі қабылдаған шаралар оң нәтиже беруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұған "Қазақстан" спорт кешенінде орналасқан ПТР-тестілеудің модульдік зертханасы нәтижелері дәлел бола алады. Күн сайын зертхана 800-ден мыңға дейін тест алады, дейді мобильді ПТР-зертхана меңгерушісі Юлия Третьякова.

"Біз 21 маусымда жұмысымызды бастадық. Бірінші аптада жалпы тест санының 47%-ы ауруды растаған нәтиже берді. Бүгінде тек 20%-ы ғана расталды. Яғни, COVID-19 жұқтырғандардың саны едәуір төмендегені байқалады. Демек, карантин бойынша қабылданған барлық шаралардың пайдасы болды", - дейді Ю.Третьякова.

Дәрігердің айтуынша, тест нәтижелері бір күн ішінде дайын болады. Науқастар өз емханаларында ПТР анализ тапсырады, содан кейін материал зертханаға жеткізіледі. Анализ қорытындысы электронды нұсқада емханалардағы емдеуші дәрігерлерге немесе стационарларға бірден түседі.

"Біздің зертханада 20 адам қызмет етеді. Мұнда дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер мен еріктілер бар. Өте үлкен жұмыс көлемі операторларға жүктеледі. Себебі анализдерді жан-жаққа жіберу, электронды нұсқасын жасау және уақытылы беру қажет. Сондай-ақ, ең қауіпті болып саналатын бірінші бокста биологиялық материалдарды қабылдау жүргізіледі, бізге волонтерлер көмектеседі", - деп атап өтті мобильді ПТР-зертханасының меңгерушісі. Қалада күніне 5 мыңға дейін талдау жүргізетін жалпы 9 зертхана бар.

23 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда 9 068 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 6 200 науқас емделіп шыққан.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны