03.07.2012, 13:24 3308

"24.kz" арнасы 1-қыркүйектен бастап жұмыс істейтін болады

Жиын барысында Президент Н. Назарбаев 2012 жылғы 1 қыркүйекте хабар таратуды бастайтын телеарнаны тестілік хабар таратуға қосуға рұқсат берді.
Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айынан бастап көрсетіле бастайтын "24.кz" телеарнасының тестілік хабар таратуын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"24.kz" - еліміздегі тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш ақпараттық арна болмақ. Бұл "BBС", "CNN", "Euronews" және "Россия 24" сынды әлемдік арналардың қазақстандық баламасы. Күн сайын телеарна 48 "жаңалықтар", 40 ақпараттық-тақырыптық бағдарлама дайындайтын болады. Арна елдегі және шетелдегі оқиғаларды жедел, анық, қысқа әрі толыққанды таратуды басшылықта ұстайды. Орталық кеңсесі Астанада орналасатын телеарна "Отау ТВ" ұлттық спутниктік жүйе арқылы хабар тарататын болады.

Жиын барысында Президент Н. Назарбаев 2012 жылғы 1 қыркүйекте хабар таратуды бастайтын телеарнаны тестілік хабар таратуға қосуға рұқсат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны