21.09.2012, 11:31 3008

25 қыркүйекте Астана, Алматы және Қарағандыда жылу қосылады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, республика бойынша жылу желілерін іске қосу жұмыстары басталып та кетті. Бүгінде кестеге сәйкес Павлодар облысының Ақсу қаласында (05.09), Ақтөбе қаласында (17-19.09), Жезқазған қаласында (13-21.09) және Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында (11-17.09) жылу желілерінің айналымы іске қосылды.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - 25 қыркүйекте Астана, Алматы және Қарағандыда жылу қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін ҚР ИЖТМ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, республика бойынша жылу желілерін іске қосу жұмыстары басталып та кетті. Бүгінде кестеге сәйкес Павлодар облысының Ақсу қаласында (05.09), Ақтөбе қаласында (17-19.09), Жезқазған қаласында (13-21.09) және Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында (11-17.09) жылу желілерінің айналымы іске қосылды.

"Ақмола облысы Астана, Степногорск, Көкшетау қалаларында, Алматы облысының Алматы, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Қарағандыда жылу желілерінің айналымын 25 қыркүйекте бастау жоспарланып отыр. Қазан айының 1-15 аралығында жылу желілерінің айналымы Қазақстанның өзге аймақтарында да басталады деп жоспарлануда", - деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны