26.06.2015, 18:12 3619

26 маусымда әлемдік қауымдастықта Халықаралық азап құрбандарын қолдау күнін қарсы алу енгізілген. Қазақстан оған 1998 жылы еліміз БҰҰ азапқа қарсы Конвенцияны ратификациялаған кезде ресми құқықты алды.

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, Бүкіләлемдік азап құрбандарын қолдау күнінде, Ішкі істер департаментінде ІІД қызметкерлері Астана қаласы прокуратура және азаппен күресу және оларға жол бермеу жөніндегі Коалиция өкілдерімен ақпараттық жиында бас қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиында Астана қаласы прокурыныӊ бірінші орынбасары, әділет аға кеӊесшісі Тимур Сүлейменов, Астана қаласы ІІД бастығыныӊ орынбасары, полиция подполковнигі Санжар Иділов, заӊдылықты сақтау және адам құқығы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро филиалыныӊ директоры Анар Ибраева, ІІД Өзіндіқ қауіпсіздік басқармасыныӊ бастығы Самат Дософ, сонымен қатар ІІД жеке құрамы қатысты.

ІІД бастығынӊ орынбасары Санжар Иділовтыӊ айтуынша, қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру барысында, азаматтардыӊ конститутциялық құқығын сақтау Астана қаласы ІІД қызметініӊ артықшылық бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Ішкі істер органдары қызметкерлерініӊ әрекеттеріне қатысты барлық шағымдар мен арыздар мәліметтерді тіркеу кітабы мен бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу тізімінде тіркелініп, соларды тексеру арқылы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы, ІІД жеке құрамымен ҚР ІІМ 304 "Полицияныӊ азаматтарға мұқият және сыпайы қарым-қатынасы туралы" бұйрығыныӊ талаптарын сақтау және орындау ІІД басшылығыныӊ тұрақты бақылауында.

Жиын барысында Анар Ибраева слайд материалдарын қолдана отырып, жиналған қауымды Қазақстанныӊ азапқа қарсы ҮЕҰ Коалициясыныӊ қызметімен таныстырып, Коалициямен жүзеге асатын бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау, азап құрбандарына заӊды көмек көрсету жөнінде айтып берді.

Іс-шара аяқталысымен заӊдылықты сақтау және адам құқығы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро филиалыныӊ директоры Анар Ибраева халықтыӊ құқық қорғау органдарына деген сенімін іс жүзінде билік өкілдерімен адам құқығын бұзуға төзбеушілік арқылы нығайтуға болатынын атап кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны