23.07.2015, 16:47 3298

27 мыӊнан астам ауыл тұрғыны "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына және "Өрлеу" жобасына қатысуға ниет білдірді

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСИДМ жұмылдыру топтары жұмысыныӊ нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 22 шілде аралығында 27 мыӊ 108 адам "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына және "Өрлеу" жобасына қатысуға ниет білдірді ("ЖҚЖК 2020" - 20 мыӊ 984 адам, "Өрлеу" - 6 мыӊ 124)

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСИДМ жұмылдыру топтары жұмысыныӊ нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 22 шілде аралығында 27 мыӊ 108 адам "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына және "Өрлеу" жобасына қатысуға ниет білдірді ("ЖҚЖК 2020" - 20 мыӊ 984 адам, "Өрлеу" - 6 мыӊ 124), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 1-22 шілде аралығында мобильдік топтар 620 ауылдық елді мекенде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еӊбекпен шұғылданған 93,6 мыӊнан астам тұрғындарды қамтыды. Олардыӊ 34,5 мыӊы жұмыссыздар, 59,1 мыӊы - өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Еӊ көп қамтылған ауылдық елді мекендер келесі өӊірлерде байқалады: Оӊтүстік Қазақстан облысы - 141, Солтүстік Қазақстан облысы - 121, Алматы облысы - 90.

Еӊ жоғары көрсеткіштер келесі өӊірлерде байқалады: Оӊтүстік Қазақстан облысында - 4 мыӊ 852 мыӊ адам, Қызылорда облысында - 1 мыӊ 256 адам, Қарағанды облысында - 1 мыӊ 203 адам "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысуға ниет білдірді.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтыӊ деӊгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданныӊ 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын

.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны