08.02.2016, 19:12 3535

286 дана арнайы техника пойыз жолдарын үздіксіз тазалауда

Қар көп түскен өӊірлерде тахникалар барынша тиімді пайдаланылды. Мәселен, қазіргі таӊда Ақмола жол бөлімшесінде 32 дана, Ақтөбеде -59, Қостанайда-35, Қарағандыда -41 қар тазалау техникалары жұмылдырылған.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Барлық темір жол станцияларында арнайы техникалар қар жалдарымен алысып, боранды өӊірлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қар тазалау және арнайы машиналарымен жеткілікті түрде, толық қамтылған. Арнайы техникалардыӊ барлығы жөнделіп, суық түскенге дейін қатарға қойылған. Станциялар мен ірілендірілген дистанцияларда ФРЭС ЭСО роторлық қар тазалау, СМ-2, СМ-5, СМ-7 қар тазалау техникалары, "Таран" қар тазалау техникаларыныӊ барлығы 286 данаға жеткізілді.

Қаӊтарда осы техникалардыӊ көмегімен станциялардағы магистральдық желілерден 567 мыӊ текше метр қар сыртқа шығарылды. 77 мыӊ шақырымнан астам жол тазаланды.

Қар көп түскен өӊірлерде тахникалар барынша тиімді пайдаланылды. Мәселен, қазіргі таӊда Ақмола жол бөлімшесінде 32 дана, Ақтөбеде -59, Қостанайда-35, Қарағандыда -41 қар тазалау техникалары жұмылдырылған.

"Ауа райын болжау орталығыныӊ алдын ала берген мәліметтеріне орай, қар тазалау техникаларыныӊ жұмысы жоспарланады. Күнніӊ күрт құбылуына байланысты, өте қажет телімдерге арнайы техникаларды шұғыл шығарамыз",-деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы" Жол департаменті механикаландыру басқармасыныӊ бастығы Үсембай Оӊлабаев.

Жол шаруашылығы мен станцияларда кезекшілер бағыттауыш бұрмаларды қар басып қалмауын тәулік бойы қадағалауда.

Қазіргі ауа райыныӊ өте құбылмалы кезеӊінде қар көшкіндері мен қызыл судан қорғанған теміржолшылар магистраль бойларындағы пойыздардыӊ қозғалыс қауіпсіздігі мен үзіліссіз қатынауын қырағы бақылауда ұстап отыр.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны