10.11.2016, 14:56 3927

"28 панфиловшы" фильмініӊ қазақ тіліне дыбыстау жұмыстары аяқталды

Фильмдегі оқиға 1941 жылдыӊ күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдыӊ 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясыныӊ 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістіӊ танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеӊес сарбаздарыныӊ ерлігіне арналған.

Алматы. 10 қараша. Kazakhstan Today - "Қазақфильм" киностудиясы "28 панфиловшы" фильмін Қазақстан бойынша прокатқа шығаруға дайын екендігін хабарлайды. Фильм еліміздегі прокатқа 24 қараша күні қазақ және орыс тілдерінде шығатын болады, деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

Фильмніӊ прокатын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жүзеге асырады.

"28 панфиловцев" (Санкт-Петербург) тәуелсіз студиясы және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қатысуымен түсірілген фильмніӊ тұсаукесері 2016 жылы 18 қараша күні Алматыда өтеді.

Ресейдегі тұсаукесер рәсімі екі күн бұрын, Дубосеково разъезінде болған шайқастыӊ 75-жылдығына орай өткізіледі, ал фильмде көрініс тапқан Волоколамскініӊ өзінде 16 қарашада өтеді. Ал Ресей бойынша прокат та 24 қарашадан басталады.

Фильмдегі оқиға 1941 жылдыӊ күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдыӊ 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясыныӊ 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістіӊ танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеӊес сарбаздарыныӊ ерлігіне арналған.

"28 панфиловшыныӊ аӊызға айналға даӊқты ерлігі - барлығымызға ортақ тарих қана емес, сонымен қатар ортақ ұлттық мақтанышымыз. Тіпті, қанымызға сіӊіп кеткен ұлттық код десем артық айтпаған болар едім", - деді фильмніӊ режиссері Андрей Шальопа.

Айта кетейік, генерал Панфиловтыӊ 316-шы атқыштар дивизиясыныӊ 28 жауынгері туралы түсірілген фильмніӊ негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыӊнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм "халықтық кино" аталып отыр. Сондай-ақ фильм бюджетініӊ үштен бірін Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктері бөлген. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.

Қысқы көріністер Санкт-Петербург пен Иваново төӊірегінде түсірілген. Соӊғы кадрларда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ көрсетіледі.

Басты рөлдерде - Александр Устюгов, Яков Кучеревский, Азамат Нығманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Алексей Лонгин, Изиз Бейшеналиев, Дмитрий Сутырин, Андрей Бодренков, Асқар Тілеуғабылов және басқалар.

Фильм жайлы: "Жиырма сегіз панфиловшы" - 1941жылдыӊ қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген панфилов дивизиясыныӊ атқыштар ротасы жауынгерлерініӊ жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Фильм Советтік әскери кинопевестердіӊ эститикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш. Фильмніӊ көркемдік формасы В.Высоцкийдіӊ әндерімен әуендес, С.Гудзенконыӊ өлеӊдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтыӊ суреттері мен Е.Вучетичтіӊ статуяларына ұқсас келеді.

Сценарий авторы: Андрей Шальопа

Режиссерлері: Андрей Шальопа, Ким Дружинин

Операторы: Никита Рождественский

Қоюшы-суретшісі: Екатерина Лизогубова

Композиторы: Михаил Костылев

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны