28.12.2012, 11:56 9258

28-желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады

28 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауады, боран соғады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады, аяз түседі.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - 28-желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, жұма, 28 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауады, боран соғады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады, аяз түседі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с жел тұрады, боран соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысында жел күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде жел күші 25 м/с болады, боран соғады. Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады. Маңғыстау облысының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді, боран соғады. Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, ауа райы боранды болады. Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында да аяз болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны