29.01.2015, 17:48 4488

29 қаӊтар. Алматыда мектеп жасына дейінгі білім беретін жаӊа нысандардыӊ саны артып келеді

"Қазіргі кезде 17 бала бақшаныӊ құрылысы жүріп жатыр, оныӊ 6-ы республикалық бюджет, ал қалған 11-і жергілікті бюджет есебінен салынуда, соныӊ ішінде 5 бала бақша бүгін ашылып отыр"

Алматы. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов мектеп жасына дейінгі білім саласыныӊ жаӊа нысандарын аралап көрді. Қала басшысы Алатау ауданы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан 120 орынды №95 бала бақшада және мегаполистіӊ Медеу ауданынныӊ аумағындағы 120 орынды №124 "Арнайы" (коррекциялы) ясли-бақшада болды. Икім мектеп жасына дейінгі білім берудіӊ вариативті түрін құрудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Тәулік бойын жұмыс істейтін коррекциялық мекемелерді толықтай жергілікті бюджет қаржыландырады. Бұларда 2-7 жас аралығындағы көзі нашар көретін және тілі мүкіс балалар тегін білім алады. Кішкентай кезінен ем алған мұндай балалардыӊ 70 пайызыныӊ көзі мен сөйлеу мәнері қалыпқа келетіндігі анықталған. Қазіргі кезде Алматыда мектеп жасына дейінгі 9 коррекциялық балалар мекемелері жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсыруы бойынша балаларға мектеп жасына дейінгі білім беруге айрықша назар аударылатындығын атап өтті. Мысалы, 2014 жыл "Алматы қаласында білімді дамыту жылы" деп жарияланды, соныӊ арқасында өткен жылы 480 орынды 4 жаӊа бала бақша салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, "Саялы" ықшам ауданында жалғыз басты аналар мен кезектесіп жұмыс істейтін ата- аналарды қолдау мақсатында қалада тұӊғыш рет бес күн ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 320 орынды бала бақша мен "Үміт үйінде" арнайы топтар ашылды. Нәтижесінде, өткен жылы 800 орынды 5 бала бақша іске қосылды, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Икім бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады деп атап өтті.

"Қазіргі кезде 17 бала бақшаныӊ құрылысы жүріп жатыр, оныӊ 6-ы республикалық бюджет, ал қалған 11-і жергілікті бюджет есебінен салынуда, соныӊ ішінде 5 бала бақша бүгін ашылып отыр", - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда соӊғы алты жыл ішінде 30 жаӊа бала бақша ашылды, жалға алғандардыӊ меншігінде болған 7 нысан қайтарып алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны