28.03.2013, 09:48 4216

29 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТМЖ-нің баспасөз қызметі.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - 29-наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ орнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТМЖ-нің баспасөз қызметі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнап, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алдағы тәуліктерде республиканың батысы және орталығындағы өзендерде көктемгі су тасқыны жүруі ықтимал, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны