24.09.2020, 21:44 8842

2 млрд түп ағаш қалай отырғызылады

4300 түп ағашты 85 мың га жер көлеміне көбейтсек жылына 365,5 млн түп ағаш отырғызылады деген сөз. Сонда 5 жыл ішінде ел бойынша 1 млрд 860 млн түп ағаш егіледі. Қалған түп ағаштар, бұрын шықпай қалған көшеттердің орнына қайта ағаш отырғызуды қамтиды

Алматы. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2 млрд түп ағаш қалай отырғызылады

2020 жылдың 1 қыркүйегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ" атты жолдауын ел назарына ұсынғаны белгілі. Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударған болатын.

Аталған жолдаудың 7-ші бөлімінде Ел президенті еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызатыны туралы баяндаған. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев 2 млрд түп ағашты қалай отырғызатыны туралы журналистер алдында баяндаған болатын.

"Мемлекет басшысының жолдауын бәріміз білеміз. Ол кісі еліміздегі орман алқабын үлкейту мәселесіне үлкен назар аударған болатын. Нақтылайтын болсақ, алдымызда Жолдауға сәйкес 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу міндеті тұр. Бұл дегеніміз 85 мың га қашықтықты құрайды. Жалпы ел көлеміндегі орман алқабы 6 млн га-ға жетіп отыр. Қазақстанда далалық алқаптар өте көп. Ендігі мақсат осы жерлерді орманға айналдыру",- деді Ерлан Нысанбаев.

Экология министрінің орынбасары сөз барысында ағаш отырғызу процесі әр өңірде климаттық жағдайға байланысты әр түрлі жүріп отыратынына да ерекше назар аударды.

"Біз климат факторын да ескеруіміз керек. Мысал ретінде алатын болсақ: оңтүстік аймаққа терек пен қара ағаш, оңтүстік және батыс аймақтарына сексеуіл ағаштарын, солтүстікте қайың, шырша және қарағай ағаштарын отырғызу жоспарланған",- деді вице-министр.

Ерлан Нысанбаев кездесу барысында 2025 жылға дейін әр жыл сайын 85 мың га аумақ қамтылып, оның әр 1 га ішіне 4300 түп ағаш отырғызу жоспарланғанын атап өтті. Осы 4300 түп ағашты 85 мың га жер көлеміне көбейтсек жылына 365,5 млн түп ағаш отырғызылады деген сөз. Сонда 5 жыл ішінде ел бойынша 1 млрд 860 млн түп ағаш егіледі. Қалған түп ағаштар, бұрын шықпай қалған көшеттердің орнына қайта ағаш отырғызуды қамтитынын атап өтті вице-министр.

"Осының бәрін есептегенде 5 жыл көлемінде Президенттің тапсырмасына сай 2 млрд түп ағаш отырғызу нормасын орындаймыз деп ойлаймын", - деп аяқтады ойын Е. Нысанбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны