21.05.2010, 12:18 4386

30 мамырдан бастап "Тұлпар" жүрдек пойызы Көкшетау мен Алматы арасында қатынайтын болады

30 мамырдан бастап "Тұлпар" жүрдек пойызы Көкшетау мен Алматы арасында қатынайтын болады

Көкшетау. 21 мамыр. Kazakhstan Today - 2010 жылдың 30 мамырынан бастап нөмір бірінші "Тұлпар" жүрдек пойызы Көкшетау мен Алматы арасында қатынайтын болады. Бұл туралы Ақмола теміржол бөлімінің директоры Вячеслав Миронов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

В. Мироновтың айтуынша, Астана - Алматы бағыты ұзартылып отыр. "Бұрын Ақмола облысының тұрғындары "Тұлпар" жүрдек пойызымен жол қысқартып Алматыға бару үшін Астанаға келу қажет болатын. Енді бұл проблема жойылды. 30 мамырдан бастап "Тұлпар" жүрдек пойызы Көкшетау мен Алматы арасында қатынайтын болады", - деді ол.

""Тұлпар" жүрдек пойызы жолға 15 сағат жұмсайды, бұл нөмірі 16-шы пойыздың жылдамдығынан 2 есе аз. 20 вагонда люкс бөлмелеріндегі душпен қоса толық сервис көрсетіледі. Ол күнделікті сағат 15.30-да жолға шығады", - деп хабарлайды бөлімдегілер.

В. Мироновтың айтуынша, ""Тұлпар" жүрдек пойызы Бурабай дауажай аймағына баратын туристер үшін пайдалы. Ол үшін "Бурабай" станциясында аялдама бар, жалпы алғанда маршрут бойынша жол-жөнекей бес аялдама белгіленген".

"Жаңа пойыздың арқасында Астана станциясындағы ахуал жақсарады, ондағы пойыздар мен жолаушылар нөпірі қысқармақ".

Таяу келешекте жүрдек пойыз Алматыдан Атырауға да жол тартпақ, оған қазір адамдар жолға елуден астам сағат жұмсауда. Бұл мерзім екі есе қысқарады.

"Теміржол қызметкерлері үшін жүрдек пойыздарды шығару - жауапкершілікті көтереді. Жол бөліктерінде темірдей тәртіп болуы тиіс. Сол себепті қауіпсіздік мақсатында Көкшетауға дейінгі барлық теміржолды бойлай қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілуде", - деді В. Миронов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны