29.03.2013, 16:43 3975

30 наурызда еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн күркірейді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметіне қарағанда, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағы әлі де циклонның ықпалында болады. 30 наурызда жауын-шашын болып, тұман түседі, сондай-ақ көйтайғақ болып, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметіне қарағанда, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кейбір аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с. жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с. жел соғады.

Павлодар облысында да көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қарағанды облысында тұман түседі деп болжануда, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кейбір аумақтарында күн күркіреп, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны