30.07.2015, 15:02 3936

30 шілде күні - Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ шешімімен Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күні деп бекітіліп, 2014 жылдан бастап халықаралық ұйым тарапынан аталып келеді.

Қарағанды. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Адам саудасыныӊ профилактикасы бағытында, аталған қылмысқа жауапкершілікті ұлттық заӊнамаларды жариялау мақсатында "116 16" телефон желілерін пайдалана отырып жоғарыдағыдай қауіптіӊ алдын алу мақсатында Ішкі істер департаментімен қала және облыс аумағында "Адам саудасын бірге тоқтатайық!" ақпараттық насихат жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күні қала тұрғындарына мәдени сауық орындарында (орталық мәдени сауық саябағы, сауда орталықтары, аялдамалар, өзіндік құрылымдағы мекемелер) аталған тақырыптағы үнпарақтар таратылады.

Адам саудасы - бұл ер азаматтар мен әйелдердіӊ және балалардыӊ адами құндылықтарын аяққа таптайтын ауқымды мәселе. Саудашылар адамдарды алдап-арбап құлдыққа қинап көндіреді.

Қоғамдағы адам саудасыныӊ еӊ көп тараған түрлері: сексуалдық құлдық, қинап жұмысқа жегу және қайыр сұрау.

Түрлі профилактикалық іс шаралардыӊ нәтижесінде облыс көлемінде соӊғы 6 айда адам саудасына қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған:

- 128 бап "Адам саудасы" - 1;

- 126 бап "заӊсыз бостандықтан айыру" - 1;

- 309 бап "жеӊгетайлық" - 16;

- 308 бап "жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу" - 4;

- 134 бап "кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу" - 2.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысуға жағдай жасаған 3 сауна анықталып, 1 саунаныӊ әкімшілігіне сот арқылы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны