15.02.2012, 14:27 3379

31 мыңнан астам қазақстандық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке ие болды

"Өткен жылы холдинг клиникаларында 31 мыңнан астам науқас стационар деңгейінде емделсе, 600 мың адам амбулаториялық деңгейде кеңес алды", - деді Е.Біртанов.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - 2011 жылы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында 31 мыңнан астам қазақстандық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасы Елжан Біртанов мәлім етті.

"Өткен жылы холдинг клиникаларында 31 мыңнан астам науқас стационар деңгейінде емделсе, 600 мың адам амбулаториялық деңгейде кеңес алды", - деді Е.Біртанов.

2011 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың ашылуы маңызды оқиға болды. Бүгінгі таңда холдинг құрамында 6 ұйым жұмыс істейді.

Қорыта айтсақ, кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрылымында холдинг клиникалары жоғары медициналық көмек көрсету саласында негізгі рөл атқарады.

"Көмектің қолжетімділігіне тоқталатын болсақ, холдинг клиникаларының есігі кез келген азаматқа ашық. мысалға, бөтен қаладан келіп ем қабылдаушылар саны 70 пайызға дейін көбейген, бұл Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің аясында жүзеге асырылуда", - деп түйіндеді Е.Біртанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны