19.03.2020, 19:22 7982

Қызылордалық мемлекеттік қызметтегі басшылардың 32 пайызы нәзік жандылар

Қызылорда облысында 1 623 әйел мемлекеттік қызметші болып жұмыс істейді. Нәзік жандылар аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызын құрайды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордалық мемлекеттік қызметтегі басшылардың 32 пайызы нәзік жандылар.

Қызылорда облысында 1 623 әйел мемлекеттік қызметші болып жұмыс істейді. Нәзік жандылар аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызын құрайды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің брифингінде айтылды.

"Мемлекеттік қызметтегі 1 623 әйелдің 366-сы басшылық қызметте. Олар облыстағы мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымның 32 пайызын құрап отыр. Әйелдердің қатарында 5 департамент басшысы, 1 қала әкімінің орынбасары, 11 департамент, инспекция басшыларының орынбасарлары мен 4 ауылдық округ әкімі бар", - деді департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.

Аймақ бойынша әйел мемлекеттік қызметшілер ең көп жұмыс істейтін өңір Қызылорда қаласы әкімдігі болып табылады. Қала әкімдігінің штат санының 47,3 пайызы әйелдер.

Аудандар арасында әйелдер ең көп жұмыс істейтін Шиелі ауданы әкімдігі (38%) мен Қармақшы ауданы әкімдігі (37,8%). Ал, Қазалы ауданы әкімдігінің 23 пайызы, Арал ауданы әкімдігінің 24 пайызы және Жаңақорған ауданы әкімдігінің 25 пайызы ғана әйел мемлекеттік қызметшілер.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны