14.01.2016, 14:57 3946

33 - жастағы Қарағанды қаласыныӊ тұрғыны қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсіріп, полицияға табыстады.

13 қаӊтар күні Майқұдықтағы 16 шағын аудандағы үйлердіӊ бірінде тұратын 88-жастағы зейнеткердіӊ үйіне белгісіз біреу басып кіріп, қарт адамды ұрып соғып үйден табылған матамен тұншықтырып дене жарақатын салып қорқытады.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - 13 қаӊтар күні Майқұдықтағы 16 шағын аудандағы үйлердіӊ бірінде тұратын 88-жастағы зейнеткердіӊ үйіне белгісіз біреу басып кіріп, қарт адамды ұрып соғып үйден табылған матамен тұншықтырып дене жарақатын салып қорқытады. Зейнеткерді ұрып соғып ақша талап етіп, үйдегі қымбат заттар сырға мен жүзікті алып ізін жасырмақ болған. Жәбірленуші зейнеткердіӊ көршісі 33-жастағы Анатолий Слатинин дәл сол мезетте үйінде болып, жұбайы екеуі көршісініӊ үйінен естілген белгісіз біреулердіӊ дауысын естіп есік қағып тексермекші болғанымен арғы жақтан ешкім дыбыс білдірмеген. Көӊіліне күдік ұялаған көршісі өз үйініӊ есігінен сығалап, сырттағы мән-жайды анықтамақ болады. Сол мезете көршісініӊ үйінен бетін бүркемелеген белгісіз ер адам шығып сыртқа беттейді. Күдіктініӊ соӊынан қуып жетіп ұстап, полиция қызметкерлеріне өз қолымен тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеріс барысында анықталғандай Анатолий Слатинин өзініӊ көршісініӊ өмірін сақтап ғана қоймай, 40-жастағы бұрын сотты болған қала тұрғыныӊ қолға түсірді. Анатолий Слатинин көлік жүргізуші болып қызмет атқарады, екі баланыӊ қамқор әкесі.

Қазіргі уақытта қолға түскен күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ҚР ҚК 192 бабы бойынша іс қозғалуда. Полиция қызметкерлері күдіктініӊ бұрын басқалай қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Қарағанды облысы ІІД бастығы генерал майор М.Б.Жаппаровтыӊ шешімімен Анатолий Слатинин азаматтық белсенділік танытқаны үшін, қылмыскерді ұстап ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін марапатталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны