24.01.2019, 20:10 30293

343 мыӊ қазақстандық 2018 жылы шетелде демалды

Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мыӊ адам. Екінші орында Египет - 104 мыӊ адам. Үшінші орында - Біріккен Араб Имірлігі (33,5 мыӊ қазақстандық). Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мыӊ туристен). Бесінші орында - Вьетнам (4,5 мыӊ), алтыншы орында - Үндістан (2,7 мыӊ), сосын Чехия (2,4 мыӊ), сегізінші орында - Доминикана (2,1 мыӊ), тоғызыншы орында - Греция (2 мыӊ) және ондықты Грузия жапты (1,4 мыӊ адам).

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Туристік Қамқор" Корпоративтік Қоры (КҚ) желісі бойынша 343 мыӊ қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. "Туристік Қамқор" құрылған сәттен бастап жалпыалғанда 616 мыӊ туркод берілді деп хабарлайды "Туристік Қамқор" КҚ баспасөз қызметі.

Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мыӊ адам. Екінші орында Египет - 104 мыӊ адам. Үшінші орында - Біріккен Араб Имірлігі (33,5 мыӊ қазақстандық). Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мыӊ туристен). Бесінші орында - Вьетнам (4,5 мыӊ), алтыншы орында - Үндістан (2,7 мыӊ), сосын Чехия (2,4 мыӊ), сегізінші орында - Доминикана (2,1 мыӊ), тоғызыншы орында - Греция (2 мыӊ) және ондықты Грузия жапты (1,4 мыӊ адам).

2018 жылы шетелге шыққан бірде бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбағандығы қуантады. Барлық компания өз міндеттерін адал орындады.

Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешіліп отырды. Бірде бір қазақстандық туроператордыӊ кінәсімен шетелден шұғыл шығарылған жоқ.

Бүгінгі күні "Туристік Қамқор" тізімінде 56 туроператор бар, олармен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Бұл ретте, жалпы Қазақстанда шығу туризм саласында нақты туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді. Қалған 80 компания өз қызметін демалыс уақытында қазақстандықтардыӊ шетелдегі қауіпсіздігін тәуекелге итермелеп, заӊсыз жүзеге асырады деген сөз.

Сіз қай жерде демалмасаӊыз да, "Туристік Қамқор" Корпоративтік қоры Сіздіӊ ыӊғайлы демалуыӊыз үшін барлық ұсақ-түйектер туралы алдын ала қамдануды ұсынады -өз қонақ үйіӊіздіӊ бронын, үйге қайту билетініӊ төленгендігін, сондай-ақ өз ТУРКОДЫӉЫЗДЫ тексеру, егер Сіз шетелде демалатын болсаӊыз.

Ауа райы жағдайларын негізге ала отырып ақпанда қазақстандықтардыӊ демалысы үшін жақсы жерлер: Тайланд, Египет, Куба, Үндістан, Шри Ланка, Доминикана, Филиппиндер, Танзания бола алады.

Шығу туризмі саласында Қазсқатн Республикасы азаматтарыныӊ құқықтарын кепілдендіру жүйесініӊ жұмыс істеген сәтінен бастап жүйе басқарушысы - "Туристік Қамқор" Корпоративтік Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 616мыӊ ТУРКОДберді.

ТУР-КОД - СІЗДІӉ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛУЫӉЫЗДЫӉ КЕПІЛІ

2017 жылдан бастап қазақстандық туристерге шетелге туркодпен шығу ұсынылады.Арнайы құрылған "Туристiк Қамқор"КҚ шетелде қиындыққа ұшыраған отандастарымызға елге қайтып оралуға көмек көрсету үшін арнайы құрылған. Бірінші кезекте бұл адал емес турфирмалардыӊ қызметінен зардап шеккендерге қатысты. Сөйтіп, Қазақстаннан келген туристердіӊ туркодтары болған кезде төтенше жағдайларда кепілдендірілген қолдауға ие бола алады.

Туристік кодты туроператорға жарнаны енгізгеннен (0,5 АЕК - 1 202 тг. Бір турист үшін. Бұл соманы турист үшін туроператор төлейді) және банк кепілдерін (12 млн. тг. мен 36 млн. тг. аралығы) ұсынғаннан кейін Қор береді.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығу еліне байланысты) әріп-цифрлық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өзініӊ туркодыныӊ нөмірін айтады және 24 сағат ішінде жедел көмектіӊ көрсетілуін күтеді.

"ТуристікҚамқор" қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны