26.08.2019, 12:48 60957

35 әскери қызметші альпинизмнен разрядқа ие болады

Дайындықтың алғашқы циклі аяқталысымен оқып-үйренушілерге альпинизмнен "ҚР альпинисті" белгісі бар "3-ші спорттық разряд" беріледі.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - СК - ҚР ҚМ АОСК таулы дайындық орталығының базасында таулы дайындық нұсқаушыларының, альпі бөлімшелерінің келісімшарт бойынша офицерлері мен әскери қызметшілерінің оқуы өтуде. Бір ай бойы 35 әскери қызметші 133 сағат теориялық және практикалық дайындықтан өтеді.

Оқу базасына Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов барды. Ол сабақтардың өткізілу барысын тексеріп, әскери альпинистердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ генерал-майор М. Бектанов майор Аманжол Рахметов, капитан Мақсұт Жұмаев және аға лейтенант Василий Пивцовпен кездесіп, қойылған тапсырмаларды орындаудаға кәсіпқойлық пен жеделдік үшін алғыс білдірді. Кеше ғана әскери альпинистер Қырғызстандағы Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандықтарды іздестіру бойынша операциядан оралды.

Әскери қызметшілер іздестіру-құтқару жұмыстары тәжірибесімен бөліседі және таулардағы штаттан тыс жағдайларға әзірліктерін арттыру үшін шеберлік сағаттарын өткізеді.

Дайындықтың алғашқы циклі аяқталысымен оқып-үйренушілерге альпинизмнен "ҚР альпинисті" белгісі бар "3-ші спорттық разряд" беріледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны