11.02.2021, 19:45 10026

Атырау облысында браконьерлерден 360-тан астам киік мүйізі тәркіленді

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атырау. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары Атырау қаласының полиция департаментімен бірлесіп өткізген профилактикалық рейдтер нәтижесінде браконьерлерден 360 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Атырау облысының "Геолог" ауылында болған рейд кезінде ВАЗ маркалы 2 автокөлік тоқтатылды. Бірінші автокөлікті тексеру кезінде 200 дана мүйіз, екіншісінен - 164 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Ведомствода Охотзоопром жануарлар мен өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен гендік қорын сақтау мақсатында олардың пайдаланылуын, өсімін молайтуды және жасанды өсірілуін бақылауды және табиғатты қорғауды жүзеге асыратынын еске салды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың желтоқсан айында ақбөкен аңшыларына 17 қылмыстық іс қозғалған.
 
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері браконьерлердің іс-қимылынан келген шығын 8 млн теңгеден асты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны