04.07.2020, 14:07 4708

Ақмола облысының тәртіп сақшыларына 38 қызметтік автокөлік берілді

Елорда күні мерекесі қарсаңында тәртіп сақшыларына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жаңа көліктердің кілттерін табыс етті

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Ақмолалық полицейлер жаңа қызметтік көліктерді тізгіндеді.

Елорда күні мерекесі қарсаңында тәртіп сақшыларына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жаңа көліктердің кілттерін табыс етті, - деп хабарлайды "Aqmola News".

Қызметтік көліктер өңірдің барлық аудандық полиция бөлімдеріне берілмек.

Өңір басшысы блок-бекеттерде өзінің денсаулығына қатер төндіріп қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеуде зор үлес қосып жатқанын атап өтті.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында және азаматтардың қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге сенімділіктері нығая түседі. Сіздердің көптеген әріптестеріңіз бүгінгі таңда дертке шалдыққанын білеміз. Сондықтан Ақмола облысының барлық полиция департаментін және генерал Арманбек Хакімбекұлы Баймұрзинді өз кәсіптеріне адалдықтары мен қызметін мүлтіксіз орындағандары үшін алғысымды білдіремін, - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Облыстың тәртіп сақшыларына 38 қызметтік автокөлік берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны