01.10.2015, 11:40 3639

38 жастағы тұрғыннан 4 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, "Жан" лақап атты қызметтік іздестіру итініӊ көмегімен "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында 38 жастағы Ақтөбе қаласыныӊ азаматын ұстады

Ақтөбе. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, "Жан" лақап атты қызметтік іздестіру итініӊ көмегімен "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында 38 жастағы Ақтөбе қаласыныӊ азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында күдіктіден 4 келі 152 гр. "кептірілген марихуана" есірткі заты тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ, көлік полицейлері күдіктініӊ біраз уақыттан бері есірткі заттарыныӊ тасымалымен айналысатынын және осы жолы есірткі затын Қызылорда қаласынан Ақтөбе қаласына апара жатқандығын анықтады.

Аталған дерек Ақтөбе ст. ІІЖБ-ныӊ сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 296-бабы, 4-б. бойынша ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") тіркелді.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ мәліметі бойынша, ағымдағы жылдыӊ 9 айында көлік полицейлері заӊсыз есірткі айналымына байланысты 80 қылмысты анықтаған, оныӊ ішінде 25 факт өткізу бойынша және 11 факт есірткі заттарыныӊ контрабандасына қатысты.

Жыл басынан бері заӊсыз айналымынан 3 тонна 839 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны