21.06.2012, 12:01 2506

390 мыңнан астам адам "Емдеуге жатқызу бюросы" порталының қызметін пайдаланды

Бірыңғай мемлекеттік денсаулық сақтау ұлттық жүйесінің аясында "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы қызмет етуде. Стационардың, емхана мен науқастың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ науқастарға дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқын беруді мақсат еткен бұл порталдың қызметін 2012 жылдың 5 айында 390 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - 390 мыңнан астам адам "Емдеуге жатқызу бюросы" порталының қызметін пайдаланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірыңғай мемлекеттік денсаулық сақтау ұлттық жүйесінің аясында "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы қызмет етуде. Стационардың, емхана мен науқастың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ науқастарға дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқын беруді мақсат еткен бұл порталдың қызметін 2012 жылдың 5 айында 390 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған.

"2013 жылы Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп бітеді. Біз аурулардың алдын алу шараларына мықтап кірісіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын арттыру керекпіз. Ауыл азаматтары үшін медициналық көмектің қолжетімді болуына ерекше назар бөлу қажет", - деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ақпараты бойыша, ағымдағы жылдың 5 айында "Емдеуге жатқызу бюросы" порталының қызметін 390 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6 мыңға көп. Портал қызметіне жүгінгендердің 90,5 пайызы немесе 353 324 науқас еліміздің стационарларына емдеуге жатқызылған.

Тағы бір айта кететін жайт, емдеуге жатқызылғандардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4,1 пайызға жоғары. Дереккөзге сүйенсек, қазақстандықтардың 85,2 пайызы жергілікті емханаларда емделуді жөн көреді, науқастардың 13,2 пайызы ғана республикалық деңгейдегі мекемелерде емделген.

"Емханаға жатқызу көрсеткішінің ең жоғары үлес салмағы (95 пайыздан астамы) Қостанай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Және емханаға жатуға жолдама берілген ауыл тұрғындарының үлесі 43,8 пайызды құрайды", - делінген Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының хабарламасында.

"Емдеуге жатқызу бюросы" порталы стационардың, емхана мен науқастың арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеп отырғанын жоғарыда айтып өттік. Порталдың сайтына (www.bg.eisz.kz) кірушілер ауруханада бос орынның бар-жоғы туралы және өз кезегі туралы біле алады.

Қазіргі таңда порталдың жұмысына емханаға жоспарлы жатқызумен айналысатын еліміздің барлық денсаулық сақтау мекемелері жұмылдырылып отыр. Бұл шаралар халыққа "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында ұсынылатын медициналық қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, науқастардың медициналық ұйым таңдау құқығын пайдалануына мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны