25.12.2013, 21:45 2970

3 жыл ішінде БҚО-да 125 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды

"Балапан" бағдарламасының іске асырылған 3 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 125 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды, соның ішінде 24-і балабақша болса, 101-і шағын орталықтар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. "Балапан" бағдарламасының іске асырылған 3 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 125 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды, соның ішінде 24-і балабақша болса, 101-і шағын орталықтар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.

"Балапан" бағдарламасының іске асырылған 3 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 125 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды, соның ішінде 24-і балабақша болса, 101-і шағын орталықтар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қазіргі таңа өңірде 469 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Олардың 145-і балабақша болса, 39-ы кешен, ал 285-і шағын орталықтар.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне облыста шамамен 27 мың бала тіркелген.

2013 жылғы көрсеткіш бойынша 3-6 жас аралығындағы балалардың аталмыш мекемемен қамтылуы 2,4% өсіп, 95,7% құраған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны