11.08.2015, 18:35 3570

3D-сапарлар арқылы Қазақстанды аралауға болады - Ж.Құсманғалиева

"100 қадам" Ұлт жоспары аясында Қазақстан бойынша 3D-сапарларды орналастыруды қарастыратын "Қазақстан энциклопедиясы" интернет-порталы ашылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтыныӊ директоры Жанаргүл Құсманғалиева

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - "100 қадам" Ұлт жоспары аясында Қазақстан бойынша 3D-сапарларды орналастыруды қарастыратын "Қазақстан энциклопедиясы" интернет-порталы ашылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтыныӊ директоры Жанаргүл Құсманғалиева, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан энциклопедиясы" порталында республика бойынша 3D-сапарлар орналастырылады", - деді Ж.Құсманғалиева, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, порталда сондай-ақ Қазақстанныӊ тарихы мен мәдениеті жайлы ақпарат, анықтамалық географиялық мәліметтер жарияланады.

"Негізінен аталған портал адамдар тарапынан зор қызығушылыққа ие болады. Онда қазақстандықтар мен шетелдік туристер сайтқа кіріп, еліміз туралы қызықты ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады", - деп нақтылады ол.

Директордыӊ мәліметінше, энциклопедияныӊ бірлескен авторлары еліміздіӊ жетекші ғылыми мекемелерініӊ, зерттеу ұйымдарыныӊ және ЖОО-дарыныӊ үздік мамандары болмақ.

Ол жобаны әзірлеуде үздік халықаралық тәжірибе ескерілгенін айтып өтті, атап айтқанда - АҚШ-дағы туризмді ілгерілету жөніндегі ұлттық компанияныӊ, сондай-ақ Германия мен Израильдіӊ ұқсас ұйымдарыныӊ тәжірибесі.

Оған қоса, сарапшы мәлім еткендей, "National Digital History" порталын ашу қарастырылған, онда жетекші отандық және шетелдік ғалымдардыӊ Қазақстан тарихы жөніндегі эксклюзивті материалдары жарияланады.

"Бұдан өзге, пайдаланушыларымыздыӊ көӊілін жаулап алуға бағытталған материалды жаӊаша ұсыну қызықты болмақ", - деп баса айтты ол.

Порталда көне карталарды, тиындар туралы мәліметтерді, оныӊ ішінде - Алтын Орда хандығы заманындағы карталарды, тиындарды жариялау жоспарланған. Қазақстан аумағында археологтар тапқан артефакттар мен тарихи рәміздер туралы мәлімет ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны