13.09.2016, 14:32 3594

400-ден астам адам Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ курсанты атанды

Институт 12 мамандық бойынша жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды даярлауды жүргізеді.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында жас толымныӊ әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Алдыӊғы жылдармен салыстырғанда биылғы жылы болашақ офицерлерді қабылдау еӊ көп болды. Антты 418 курсант қабылдады. Ант қабылдамас бұрын курсанттар Искери инститтутыӊ оқу-жаттығу орталығында жас жауынгер курсынан өтті. Оқу сыныптарында оларды әскери жарғылардыӊ негіздерімен таныстырды. Бұл жарғыларды оларға тәптіштеп зерделеуге тура келеді. Ал плацта күн сайын саптық даярлық бойынша сабақтар өткізілді.

Құрмет қарауылы ротасы институттыӊ әскери оркестрініӊ сүйемелдеуімен қарумен саптық айла-тәсілдерді паш етті. Одан кейін үш мыӊға жуық әскери қызметші бір дауыспен мемлекеттік әнұран орындады.

Институт 12 мамандық бойынша жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды даярлауды жүргізетінін айта кетейік. ЖОО-да заманауи оқу-материалдық база, әртүрлі техникалық оқыту құралдары бар.

Училищеніӊ дәрісханалары, оқу зертханалары, кабинеттері мен сыныптары ғылым мен техниканыӊ заманауи дамуы деӊгейінде әскери мамандарды даярлау үшін барлық қажеттімен жабдықталған. Оқу үдерісі барысында компьютерлік және есептеуіш аппаратура қолданыла отырып, заманауи техникалық оқыту құралдары кеӊінен қолданылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны