20.01.2015, 20:54 4186

400-ден астам әскери қызметші шетелде білім алуда

Қазақстанныӊ әскери институттары басқа шетелдік мемлекеттердіӊ әскери оқу орындарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюда.

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ әскери институттары басқа шетелдік мемлекеттердіӊ әскери оқу орындарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюда. Бүгінгі таӊда халықаралық ынтымақтастық шеӊберінде шетелде 400-ден астам қазақстандық әскери қызметші білім алуда. Атап айтқанда, Ресейде - 288, Түркияда - 67, Беларусьте - 34, Украинада - 19 және Үндістанда 7 курсант пен офицер-тыӊдаушылар дәріс алып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Францияныӊ әскери атташесі подполковник Лионель де Ланжеронныӊ Қазақстанға, атап айтқанда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына (Алматы қ.) келуі - қазақстандық әскери білімніӊ жаӊа көкжиегін ашады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Француз қорғаныс секторыныӊ өкілі әскери оқу орныныӊ басшылығымен және ұстаздарымен кездесіп, Францияда оқу мүмкіндігімен Францияда шығарылған байланыс құралдарына оқу курстарын дамытып, Францияда оқыту курстарын дамытуды ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны