22.07.2015, 12:43 3494

400-ден астам қазақстандық ҚР ҚМ Кадет корпусына түсуді армандайды

17-21 жас аралығындағы 437 азамат, яғни келісімшарт және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер биыл ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусына түсуді жоспарлауда. Олардыӊ 283-і БҰТ тапсырып, 153-і кешенді тестілеуге дайындық үстінде

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - 17-21 жас аралығындағы 437 азамат, яғни келісімшарт және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер биыл ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусына түсуді жоспарлауда. Олардыӊ 283-і БҰТ тапсырып, 153-і кешенді тестілеуге дайындық үстінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 26 шілдесіне дейін 30 немесе одан жоғары балл жинаған үміткерлер іріктеудіӊ келесі кезеӊдерінен өту үшін Кадет корпусына жіберілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бастапқыда кәсіби-психологиялық іріктеу, нормативті дене даярлығынан өту, содан кейін медициналық куәландыру, жас жауынгердіӊ курсы және соӊғы кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен сарбаздар оқу орнына қабылданады.

Ир кезеӊнен өтуге бір мүмкіндік беріледі.

Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы - кіші командалық құрамдағы білікті әскери кадрларды даярлайтын оқу орны. Кадеттерді оқыту бағдарламасы екі жылдан тұрады. Бірінші курста әскери істіӊ негіздерін және мамандық бойынша пәндерді зерделейді, ал екінші курста - әскери тәжірибе жинақтауға кіріседі. Оқуды бітіргеннен кейін кадеттіктерге "Искери басқару" мамандығы бойынша "Искери басқарудыӊ кіші маманы" (менеджер)" біліктілігімен қоса 3-сыныпты жаяу әскерлер әскери көлігініӊ механик-жүргізушісі және "В" және "С" санаттары бойынша автокөлік жүргізушісі куәлігі беріледі.

Бүгінгі күнге дейін оқу орны Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріне 2 200-ден астам маман даярлап шығарды. Қазіргі таӊда түлектер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердіӊ бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметін сәтті атқарып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны