04.02.2016, 09:49 3363

40 килограмм дәрі-дәрмек

Еліміздіӊ шығысындағы қазақстандық-қытайлық шекара арқылы дәрі-дәрмектерді заӊсыз алып өтуге әрекеттенгендер ұсталды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысындағы қазақстандық-қытайлық шекара арқылы дәрі-дәрмектерді заӊсыз алып өтуге әрекеттенгендер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды Шекаралық ынтымақтастықтыӊ халықаралық орталығынан салмағы 40 килограмм болатын қытай елінде өндірілген дәрі-дәрмектерді көз қысты, бармақ басты жолмен өткізуге әрекеттенген екі Қазақстан азаматтары ұстады.

Аталған дерек бойынша материалдар "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны