02.08.2017, 19:24 4542

40 мыӊнан астам ақмолалық ЭКСПО-ны тамашалады

Ақмола облысыныӊ делегациясы Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiнде болып қайтты. Делегация құрамында облыс әкiмiнiӊ орынбасарлары, аудан әкiмдерi мен энергетика мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарлар мен мемлекеттiк қызметшiлер бар.

Көкшетау. 2 тамыз. KazakhstanToday - Ақмола облысыныӊ делегациясы Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiнде болып қайтты. Делегация құрамында облыс әкiмiнiӊ орынбасарлары, аудан әкiмдерi мен энергетика мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарлар мен мемлекеттiк қызметшiлер бар.

Ақмолалықтар алдымен "Нұр Илем" көрме кешенiн тамашалады. Содан соӊ Ресей, Германия, Франция және бiрқатар өзге елдердiӊ осы саланыӊ жарқын жетiстiктерi сипатталатын көрмелердi аралап, энергия қуатыныӊ айтулы жаӊалықтары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды өӊдеу техникалары тәрiздi күнделiктi өмiрде аса қажеттi дүниелердiӊ әлемдегi мойны озық үлгiлерiмен танысты.

"Көрменi аралап көру барысында көп нәрсенi көӊiлге түйдiк. Делегация мүшелерi тиiмдi жобалардан толайым ой түйiп, тәнтi болды. Исiресе, бiздi энергия қуатыныӊ көздерi қызықтырды. Қоршаған ортаны ластамай, таза сақтау үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды өӊдеу тәрiздi жаӊа технологиялар аз емес. Мұныӊ барлығы бiз үшiн өте қажеттi. Сондықтан алдағы уақытта өз өӊiрiмiзде қолдану үшiн тереӊiрек зерттеп бiлуге тиiстiмiз", - дедi Степногорск қаласыныӊ әкiмi Инуар Күмпекеев.

Уақыт бiр орнында тұрмайды. Алға жылжыған сайын кешегi жаӊалық көнерiп, ескiруi мүмкiн. Сондықтан, жүйрiк уақыттыӊ жалына жармасып, алға ұмтылған ләзiм.

"Ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен өткiзiлiп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесiнiӊ пайдасы өте көп. Мен еӊ алдымен Қазақстанныӊ осындай ауқымды шараны мiнсiз ұйымдастырғанын мақтаныш етемiн. Болашақтыӊ энергиясы дегенiмiздiӊ өзi барша әлемнiӊ алға қарыштап басар қадамыныӊ қарымын нықтайтын серпiлiс. Ақмолалықтар көрмеге айырықша қызығушылық танытып отыр. Соӊғы мәлiметтерге бойынша, бiздiӊ өӊiрден 40 мыӊнан астам адам көрмеге барып, көзайым болды", - дейдi облыс әкiмi аппаратыныӊ жетекшiсi Қанат Шөкенов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны