08.11.2018, 18:03 5837

40 мыӊнан астам ақтөбелік "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасына қамтылған

Ақтөбе облысында халықтыӊ өзекті мәселелерін шешу және экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мақсатында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба соӊғы үш жылда 7 рет өткізіледі.

Ақтөбе. 8 қараша. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында халықтыӊ өзекті мәселелерін шешу және экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мақсатында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба соӊғы үш жылда 7 рет өткізіледі.

Бұдан бұрын да өӊірде Халықпен жұмыс істеудіӊ негізгі екпіні ретінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, Діни экстремизмніӊ алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін түсіндіруге және бизнес ортаны дамытуға баса назар аударылған.

Жоба аясында 10 күн ішінде Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар және Темір аудандарында 42 мыӊ адамды қамтыған 996 іс-шара өткізілді. Кеӊес беру және практикалық көмекті 5 мыӊнан астам адам алса, 36 адам жұмысқа орналастырылды, сонымен қатар, 89 еӊбек шарты жасалды. Сондай - ақ, 35 азаматқа материалдық көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасыларға жаӊа форматтағы әлеуметтік көмек тағайындалды.

4000 ауыл тұрғындары облыстыӊ үздік дәрігерлерінен медициналық тексеруден өтті, 21 күрделі хирургиялық операция жасалды, сонымен қатар, 218 отбасыға медициналық егуден бас тарту салдары түсіндірілді. Жұмыс топтарыныӊ сарапшылары ауылда бизнес ортаны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Жоба жүзеге асырылғаннан бері 236 адам оқыту семинарлары мен тренингтерден және шеберлік - класстардан өтті. Кәсіпкерлерге айналым қаражатын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға пайыздық субсидиялау бойынша көмек көрсетілді, сондай-ақ шаруа қожалықтарына да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидия түрінде қаржылық қолдау көрсетіліп отыр.

2500-ден астам тұрғын Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауыныӊ, "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасы", "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық құжаттарын түсіндіру бойынша кездесулерге қатысты.

Кездесу барысында экспресс-сауалнамалар арқылы халықтыӊ өзекті мәселелері анықталды. Облыстыӊ 23 тұрғыны облыстық және аудандық газеттерге тегін жазылу сертификатына ие болды.

Теологтар мен имамдар ауыл тұрғындарымен жеке және топтық кездесулер өткізеді.

Сондай-ақ, 5 мыӊнан астам адамныӊ қатысуымен терроризмге қарсы тұру бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

"Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясындағы жұмыс 17 - қарашаға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны