07.08.2015, 09:18 3595

4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 7 тамыздан бастап номиналдық құны 50 теӊгелік, нейзильбер қоспасынан "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Тайқазан", "Ғарыш" монеталар сериясынан "Буран", "Қазақстанныӊ қалалары" монеталар сериясынан "Қызылорда" және "Орал" ескерткіш монеталарын, сондай-ақ үш мерейтойлық монетаны айналысқа шығарады. Олар номиналдық құны 50 теӊгелік, нейзильбер қоспасынан "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы" мерейтойлық монеталары және номиналдық құны 500 теӊгелік, "proof" сапасымен "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы" мерейтойлық күміс монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нейзильбер қоспасынан "Тайқазан" ескерткіш монеталары: диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 гр, таралымы - 100 мыӊ дана.

Монетаныӊ дизайнында шеӊбер ішіндегі дөӊгелек қалыпқа соғылған "Тайқазан" төрт қырлы күміс монетасыныӊ бейнесі пайдаланылды.

Монетаныӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тіліндегі "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген ойылған жазбаныӊ қоршауында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Монетаныӊ төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "50 ТЕӉГЕ" деген жазба, Қазақстан теӊге сарайыныӊ тауар белгісі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі бейнеленген. Монетаныӊ жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан бейнеленген. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тайқазанныӊ бейнесі және мемлекеттік тілде "ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ И ТАЙҚАЗАН" және ағылшын тілінде "TREASURES OF THE STEPPE И TAIKAZAN" жазуыныӊ қоршауында күнніӊ стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаныӊ төменгі бөлігінде және айналдыра ұлттық ою-өрнектіӊ элементтері орналасқан.

Монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.

Түркілер үшін қазан бірлік пен қонақжайлықтыӊ нышаны болды. Сондықтан оныӊ көлеміне және сыртқы ресімделуіне айрықша мән берілді. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан қазанына теӊ келетін қазан жоқ. Түркістан қаласындағы Ахмед Ясауи кесенесінде орналасқан Тайқазан еӊ әйгілі қазан болып табылады. Аӊызға сәйкес, қазан жеті металдыӊ қоспасынан дайындалған. Оныӊ диаметрі - 2,45 метр, салмағы екі тонна.

Нейзильбер қоспасынан "Буран" ескерткіш монеталары: диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мыӊ дана.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) адам мен Ғалам бірлігініӊ нышаны, өткен күн мен бүгінгі күнніӊ байланысы ретінде композиция бейнеленген. Оӊ жағында монетаныӊ номиналы "50 ТЕӉГЕ" бейнеленген. Номиналдыӊ астында Қазақстан теӊге сарайыныӊ тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу орналасқан.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) "Буран" ғарыш кемесініӊ жер маӊындағы орбитаға шығуы барысындағы бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "БУРАН", ағылшын тілінде "BURAN" және соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан орналасқан.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек. Қыры (гурты) бедерленген.

"Ғарыш" монеталар сериясынан "Буран" ескерткіш монетасы ғарышты зерттеу және ғаламныӊ құпияларын тану тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардыӊ тоғызыншы жұбы болып табылады. "Буран" - "Энергия-Буран" бағдарламасы шеӊберінде құрылған, кеӊестік көп реттік көліктік ғарыш жүйесініӊ орбиталық ғарыш кемесі. Өзініӊ алғашқы және жалғыз ғарышқа ұшуын "Буран" пилотсыз режимде 1988 жылғы 15 қарашада жүзеге асырды. Бұл факт - ғарышқа ғарыш аппаратыныӊ ұшуы және оныӊ борттағы компьютердіӊ басқаруымен Жерге автоматты түрде қонуы Гиннестіӊ рекордтар кітабына енді. Ғарыш кемесі Байқоӊыр ғарыш айлағынан "Энергия" тасымалдауыш-зымыраныныӊ көмегімен ұшырылды.

Нейзильбер қоспасынан "Қызылорда", "Орал" ескерткіш монеталары: диаметрі - 23 мм, массасы - 4,71 грамм, әрбіреуініӊ таралымы - 50 мыӊ дана.

Ескерткіш монеталардыӊ бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейнелері бірдей. Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "50 ТЕӉГЕ" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде - ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдыӊ оӊ жағында "ҚҰБ" деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыӊқы жиек.

"Қызылорда" ескерткіш монетасыныӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қызылорда қаласыныӊ гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, монетаныӊ соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан және шығыӊқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

"Орал" ескерткіш монетасыныӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Орал қаласыныӊ гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, монетаныӊ соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан және шығыӊқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Монеталардыӊ бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі.

"Нейзильбер қоспасынан "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық монеталары: диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 гр, таралымы - 50 мыӊ дана.

Монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Елтаӊба бейнесінен оӊға қарай "ҚҰБ" аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "50 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оӊға қарай ұлттық ою-өрнектіӊ элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазба орналасқан.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) Қазақстан Конституциясы 20 жылдығыныӊ бекітілген эмблемасыныӊ бейнесі және соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан орналасқан.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы" мерейтойлық монеталардыӊ сырт жақтарындағы (реверстердіӊ) бейнелері бірдей.

Күміс монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканыӊ және мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазбаныӊ қоршауында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаныӊ массасын білдіретін "24 g" деген жазба, оӊ жағында монета дайындалған металды және оныӊ сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазба бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек жүргізілген.

Нейзильбер қоспасынан жасалған монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Елтаӊба бейнесінен оӊға қарай "ҚҰБ" аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "50 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оӊға қарай ұлттық ою-өрнектіӊ элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазба орналасқан.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыныӊ бекітілген эмблемасыныӊ бейнесі орналасқан. Монеталардыӊ бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар: 925 сынамды күмістен, массасы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы "proof", еӊ көп таралымы - 5 мыӊ дана; нейзильбер қоспасынан, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 50 мыӊ дана.

"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" және "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы" мерейтойлық монеталары Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

Номиналы 50 теӊгелік және 500 теӊгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш және мерейтойлық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теӊгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Нейзильбер қоспасынан жасалған "Тайқазан", "Буран" ескерткіш монеталарыныӊ және "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы" ескерткіш монеталарыныӊ алты мыӊ данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.

"Қызылорда" және "Орал" ескерткіш монеталарыныӊ бір мыӊ данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.

"Қызылорда" монетасы екі мыӊ дана санмен "Қазақстанныӊ қалалары" сериясыныӊ монеталарына арналған альбом түріндегі орауға оралған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ барлық филиалдарында сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны