27.05.2013, 11:19 3572

4 жастағы бүлдіршіннің планшетін ұрлаған бала бағушы құрықталды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін 20 жастағы бойжеткен ұрлық жасады деген күдікпен қолға түсті.

Талдықорған. 27-мамыр. Kazakhstan Today - 4 жастағы бүлдіршіннің планшетін ұрлаған бала бағушы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін 20 жастағы бойжеткен ұрлық жасады деген күдікпен қолға түсті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала-бақшада планшет ұрланғанын полицияға баланың анасы хабарлаған.

"Ата-ана тәрбиешінің көмекшісінен күдіктенген. Полицейлер ексере келе оның бекер күдіктенбегеніне көз жеткізіпті. Бала бағушы бойжеткен планшетті тергеушілерге қайтарып берді", - делінген хабарламада.

Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны