23.11.2012, 17:53 2879

500 мыңнан астам адам стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сараптау басқармасының басшысы Нағима Нығманова мәлім етті.

Астана. 23-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың 9 айында 577 мыңнан астам адам стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сараптау басқармасының басшысы Нағима Нығманова мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың 9 айында жоспарлы негізде стационарларда ем-дом қабылдаған 577 мың адам стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды. Олардың 46% - ауылдық жерлердің тұрғындары", - деді Н.Нығманова.

Республикада алғаш рет емханаға жоспарлы жатқызу кезінде стационарды еркін таңдау құқығы жүзеге асырылды. Ауруханаға жедел жағдайда жатқызылған кезде науқас дереу жақын емханаға жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу жөніндегі кешенді жұмыс жүргізілуде. Бұл бағдарламаның негізгі қағидасы науқастың медициналық мекемені еркін таңдау қағидасы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны